«Қызыл-Жардың» бас бапкері қызметінен кетті
«Қызыл-Жар» бас бапкері Вячеслав Руснак өз қызметінен кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Молдовалық маман Руснак клуб басшылығымен байланысып, отбасылық себептермен жұмысын жалғастыра алмайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, «Қызыл-Жар» ҚПЛ-нің өткен маусымында 20 турдан кейін 23 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынды иеленген болатын. Петропавлдық клуб келер маусымда да Премьер-лигада бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или