«Тараз» футбол клубы ОЖЖ-на аттанды

«Тараз» футбол клубы кеше оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Клубтың ресми сайтына сүйенсек, ОЖЖ барысында төрт жолдастық кездесу өткізіледі, ойындар қаңтардың 19-23-і аралығында өтеді. «Тараздың» сапында қосалқы құрамнан сегіз ойыншы жаттығады.

Сондай-ақ, оқу жаттығу жиынға «Тараз» футбол мектебінің түлектері – Александр Григоренко, Евгений Аверченко, Виталий Кувшинов пен Санат Жұмаханов аттанды.

«Тараздың» бапкерлік құрамы ОЖЖ кезінде молдавиялық қорғаушы Юлиан Ерхан, Латвия құрамасының жартылай қорғаушысы Ритвар Ругинс пен Альмир Мухутдиновты байқап көрмек.

Антальядағы ОЖЖ-на аттанған «Тараз» ойыншыларының тізімі:

Мақсат Әмірханов, Александр Яровенко, Дмитрий Евстигнеев, Данияр Баялиев, Иован Голич, Абзал Таубай, Денис Васильев, Эдуард Сергиенко, Дмитро Башлай, Джурахон Бабаханов, Алібек Сатыбалды, Жакып Қожамберды, Тимур Досмағанбетов, Корнелис Уббинк, Илья Воротников, Құрмет Қараман, Рүстем Жақсыбеков, Марат Тоғызбай, Әділет Абденаби, Мадияр Нұралы, Әділет Құдайберген, Александр Григоренко, Санат Жұмаханов, Шерхан Бауыржан, Виталий Кувшинов, Евгений Аверченко.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или