ММА

Бақдос Олжабай Alash Pride турнирінде Қырғызстандық файтерді жеңді

Бақдос Олжабай Alash Pride турнирінде Қырғызстандық файтерді жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Бақдос Олжабай (8-1) Alash Pride турнирінде қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы шарада 24 жастағы Олжабай қырғызстандық Еділ Есенқұловпен (4-4-1) кездесті. Жеңіл салмақтағы (66 келі) айқас үш раундқа созылып, төрешілер шешімімен Бақдостың пайдасына шешілді.

Осылайша, қазақстандық жекпе-жек шебері мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

Олжабай соңғы рет 2019 жылдың желтоқсанында Бушидо Гран-приінде жұдырықтасқан еді. Ол бір кеште төрт жекпе-жек өткізіп, Гран-при финалына дейін жеткен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер