Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергені Қазақстанға келуі мүмкін

Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергені Қазақстанға келуі мүмкін

Өзбекстанның «Пахтакор» командасының шабуылшысы Драган Черан мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Sports.uz басылымы хабарлады.

Драган Черанға Қазақстаннан бөлек Тайланд елінің клубтары қызығушылық танытып отыр. «Пахтакордың» келер жылғы бюджеті қысқарса сербиялық футболшы командадан кетеді. 

Айта кетейік, Драган Черан биыл Өзбекстан чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или