Италия А сериясы: «Ювентус» - «Наполи» матчты қайта ойнатылады
Италия А сериясының «Ювентус» - «Наполи» (3-тур) матчы қайта ойнатылады. Мұндай шешімді Спортқа кепілдік беру кеңесі (CONI) қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Неаполитандықтар А сериясы комитеттері мен Италия Футбол Федерациясының екі шешімі бойынша апелляциялық шағым түсірді. Шешім бойынша «Наполиге» 0:3 есебімен техникалық жеңіс тіркеліп, бір ұпайдан айырылған еді.
Клубта коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталғаннан кейін команданың ел бойынша жүруіне тыйым салған Неапольдің медициналық органдарының шешіміне сүйене отырып, қонақтар ойынға келген жоқ. Сайып келгенде, Италия футбол федерациясы «Наполи» Туринге барудан бас тартып, А сериясының медициналық хаттамасын бұзды деген шешімін қабылдамады.
CONI бүгін 4 қазанда Туринде өтуге тиіс болған «Ювентус» - «Наполи» матчы қайта ойналуы керек деген шешім шығарды.