«Ордабасы» Младеновқа қызығушылық танытып отыр

«Ордабасы» Младеновқа қызығушылық танытып отыр

Болгариялық маман Стойчо Младенов «Ордабасы» командасының жаңа бас бапкері болуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады. Ақпарат көзінің хабарлауынша, Младенов қызылордалық "Қайсардың" кейбір ойыншыларына ешбір клубпен келісімшарт жасаспауды тапсырған. Себебі, маман жақын арада ҚПЛ клубтарының бірінің тізгінін ұстайды. Аталған сайт Стойчо "Ордабасыға" баруы мүмкін деп болжайды.

Младенов «Ордабасының» тізгінін ұстайтын болса, бұл оның Қазақстан чемпионатындағы үшінші командасы болады. Бұған дейін ол «Атырау» мен «Қайсарды» жаттықтырған.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында «Ордабасы» 20 турда 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орын алды. Сөйтіп еурододаларға қатысуға мүмкіндік ала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или