Қарсылас бетіне түкірген «Боруссия М» футболшысы алты матчқа жазаланды

Қарсылас бетіне түкірген «Боруссия М» футболшысы алты матчқа жазаланды

Германия чемпионатының 13-турының «Хоффенхаймға» қарсы матчында қарсыласының бетіне түкіргені үшін қызыл қағаз алған менхенгладбахтық «Боруссияның» шабуылшысы Маркус Тюрам алты матчқа шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz Германия футбол одағының сайтына сілтеме жасап.

Германия футбол одағының соты DFB бақылау комитетінің Тюрамды алты ойыннан шеттету туралы талабын қанағаттандырды және ойыншыға 40 мың еуро айыппұл салды.

Дисквалификация чемпионат пен Германия кубогының матчтарына қатысты болады. Тюрам 2021 жылдың 21 желтоқсанына дейін шартты түрде сынақ мерзімімен шеттетілді.

Маркус Тюрам 19 желтоқсанда «Хоффенхаймға» қарсы ойында 78-минутта қызыл қағаз алып, «Боруссия» 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Франциялық шабуылшы қонақтар командасының қорғаушысы Штефан Поштың әрекетіне наразы болды. Ауызша қақтығыс кезінде Тюрам қарсыластың бетіне түкіріп жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или