Эсеола: Қазақстанда Украинаға қарағанда жалақы көбірек төлейді
«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Tribuna.com<span> </span>басылымына берген сұқбатында Қазақстан мен Украинадағы жалақы мөлшерін салыстырды.
«Украина командалары тарапынан қызығушылық бар ма, білмеймін. Егер ұсыныс болып жатса, УПЛ-дың тек екі көшбасшы командасына ауысар едім. Басқалары мен үшін қызық емес. Оның ішінде жалақы мәселесі де бар.
Дәл қазіргі сәтте Қазақстан мен Украина командаларындағы жалақы мөлшерінде айырмашылық көп. Соғысқа дейін бәрі жақсы еді. Алайда қазір біраз нәрсе өзгерді. Қазақстанда жалақы көбірек төлейді», – деді Эсеола.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или