«Қайраттың» ойыншысына Еуропадан ұсыныс түсті
«Қайраттың» шабуылшысы Адеринсола Эсеола Украинаның Tribuna.com басылымына берген сұқбатында шетелдік командалардан ұсыныс түскенін айтты,
«Бірнеше ұсыныс бар. Қазіргі таңда клубыммен де, өзге командалармен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Әлі ештеңе шешілген жоқ.
Келісімшарт бойынша «Қайратта» әлі бір жыл ойнауым қажет. Мерзімін ұзартпаймын. Дегенмен алдағы бір жылда басқа командаға кетем бе, әлде жалға бере ме, соны шешіп жатырмыз. Еуропадан, нақтырақ айтқанда Польшадан ұсыныс бар», – деді Эсеола.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или