«Ақтөбе» мен «Тобылдың» бұрынғы бапкері «Ордабасыны» жаттықтыруы мүмкін
Ресейлік маман Владимир Газзаев «Ордабасы» командасының жаңа бас бапкері болуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлады.
40 жастағы маман шымкенттік клубтың бас бапкері қызметіне басты үміткер. Егер ол «Ордабасының» тізгінін ұстайтын болса, бұл оның Қазақстан чемпионатындағы үшінші командасы болады. Бұған дейін ол «Ақтөбе» мен «Тобылды» жаттықтырған.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының соңғы маусымында «Ордабасы» 20 турда 31 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орын алды. Сөйтіп еурододаларға қатысуға мүмкіндік ала алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или