ММА

Қазақстандық файтер Расул Мирзаевпен кездеседі

Қазақстандық файтер Расул Мирзаевпен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

ТАСС журналисі Игорь Лазориннің мәліметінше, қазақстандық файтер Нұрберген Шәріпов (10-2) ресейлік Расул Мирзаевпен (18-3) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жек Ресейдің Сочи қаласында Absolute Championship Akhmat промоушні аясында өтеді деп жоспарланып отыр, бірақ турнирдің күні мен орны әлі анықталмады.

Нұрберген Шәріпов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте өткізген. Ол ресейлік Тамерлан Кулаевты (11-2) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал Расул Мирзаев ол наурызда тағы бір қазақстандық Арман Оспановпен (11-3) кездесіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер