Роналдудың осы маусымда қандай жетістігі бар

Роналдудың осы маусымда қандай жетістігі бар

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатындағы сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz Soccer News сайтына сілтеме жасап.

А сериясының 13-ші турында «Парма» қақпасына (4: 0) дубль жасаған КриРо осы маусымдағы 12-голын тойлады. Бұл көрсеткіш бойынша ол Ромела Лукаку («Интер») мен Златан Ибрагимовичтен («Милан») озды, олардың еншісінде 10 голдан бар.

35 жастағы Роналду 2020-21 маусымда «Ювентус» сапында барлық турнирде 13 матч өткізіп, 16 гол соққан және екі нәтижелі пасы тағы бар. Оның клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или