«Ақтөбе» жаңа маусымға дайындықты бастады

«Ақтөбе» жаңа маусымға дайындықты бастады

Бүгін, 20 желтоқсанда «Ақтөбе» футбол клубының ойыншылары жаңа маусым алдындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастайды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Жаттығу жиыны Ақтөбе қаласында өтеді. Жиынға жергілікті футболшылар қатысады. Жиын барысында ОДЮШОР №8 алаңында доппен жаттығудан бөлек, таза ауада кросс жүгіру, жаттығу залында дайындық өткізу жоспарланған.

Оқу-жаттығу жиыны желтоқсанның соңына дейін жалғасады, содан кейін ойыншылар қысқа мерзімді демалысқа шығады.

Команда алғашқы шетелдегі оқу-жаттығу жиынын жаңа жылдың қаңтар айының басында өткізуді жоспарлап отыр. Шетелде өтетін жаттығу жиынының орны мен мерзімі кейінірек хабарланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или