ВИДЕО. Асхат Тағыберген соққан гол Қазақстан - 2020 чемпионатында ең үздік деп танылды
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында соғылған үздік голды анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дауыс беру дәстүрлі түрде Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми PFLK тобында өткізілді. Барлығы 4 гол ұсынылды. Олар тамыз, қыркүйек, қазан және қараша айларындағы дауыс беру нәтижелері бойынша үздік деп танылған голдар еді. Дауыс беруге 1199 респондент қатысты.
7-турдағы «Қайсар» - «Тобыл» матчында Асхат Тағыберген соққан гол үздік деп танылды. 570 респондент қызылордалық команда капитанына дауыс берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или