Юрген Клопп клубтық рекорд орнатты
«Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп клубтық рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Неміс маманы «қызылдар» тарихында Премьер-лигадағы жеңістер саны бойынша бірінші орынға шықты.
Клопп премьер-лигадағы 196 матчтың 127-сінде жеңіске жетіп, Рафаэль Бенитестің рекордын (228 ойында 126 жеңіс) басып озды.
Осы аптаның басында өмірден озған Жерар Холье де (228 матчта 112 жеңіс) рекордшылар үштігіне енген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или