Нойер Роналдуды «Алтын добымен» құттықтады

Мануэль Нойер «Твиттер» желісінде Криштиану Роналдуды «Алтын допты» жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кеше Швейцарияда «Алтын доп» табыс етілді. Бұл жүлдеге Роналду, Месси және Нойер таласқан болатын. Дауыс беру нәтижесіне байланысты 37,66% жинаған Криштиану Роналду 2014 жылдың үздік ойыншысы атанды.

«Маған дауыс бергендеріңіз үшін бәріңізге размет және Криштиану Роналдуды жеңісімен құттықтаймын», - деп жазды Нойер.

Ал Нойер дауыс берушілердің 15.72 пайызын жинаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или