Криштиану Роналду – үш дүркін «Алтын Доп» иегері

Кеше Швейцарияның Цюрих қаласында «Алтын Доп» марапаттау рәсімі аяқталды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Алтын Допқа» үміткер ретінде Криштиану Роналду, Лионель Месси мен Мануэль Нойер таласқан болатын. Сауалнаманың қорытындысы бойынша қатарынан екінші рет «Алтын Доп» Кришитану Роналдуға бұйырды. Жалпы саны бұл португалдық футболшының үшінші «Алтын Доп» сыйлығы. Осылайша, ол төрт рет «Алтын Доп» иегері атанған Лионель Мессиге бір қадам жақындады.

«Бас бапкеріме, клубтастарыма, президентіме алғыс білдіремін. Үш рет «Алтын Допты» ұтамын деп ешқашан ойламағанмын. Бұл мен үшін өте қуанышты сәт. Одан әрі тырысып, футбол тарихындағы ең үздік футболшы болуға тырысамын», - деді Криштиану Роналду.

Сондай-ақ, марапаттау рәсімі барысында басқа да үздіктер анықталды:

Үздік бапкер – Йоахим Лев.

Әйелдер футболының үздек бапкері – Ральф Келерманн (Вольфсбург)

Әйелдер арасындағы «Алтын Доп» иегері – Надир Кесслер (Вольфсбург, Германия)

Пушкаш сыйлығы (Ең әдемі гол) – Хамес Родригес

Жыл құрамасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или