Ибрагимович MLS тарихындағы ең үздік голдың авторы атанды

Ибрагимович MLS тарихындағы ең үздік голдың авторы атанды

Футболдан АҚШ чемпионаты (MLS) лига тарихындағы ең үздік голды жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Үздік гол лиганың ресми сайтында жанкүйерлер дауыс беру арқылы анықталды.

Дауыс беру нәтижесінде, Златан Ибрагимович MLS тарихындағы ең үздік голдың авторы атанды. 

Златан «Лос-А́нджелес Гэ́лакси» сапындағы алғашқы кездесуінде «Лос-Анджелес» қақпасына қос гол соққан болатын. Қосалқы құрамнан алаңға шыққан ол қарсылас қақпасын 40 метр қашықтықтан дәл көздеген. Дәл осы гол лига тарихындағы ең үздік гол атанып отыр.

Айта кетейік, аталған ойын 2018 жылы науыр айында өткен болатын. Ибрагимович қазіргі таңда италиялық «Милан» сапында доп теуіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или