Қазақстандық футболшы Германия чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді
Қазақстандық футболшы Иван Сачаненко Германия чемпионатындағы алғашқы матчын өткізді.
23 жастағы ойыншы деңгейі жағынан Германияның төртінші дивизионында бақ сынайтын «Хомбург» командасының сапындағы алғашқы матчында алаңға шықты. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Иван Сачаненко «Фрайбург II» командасынан ауысып келген. Германияда футболға қадамын басқан ол 2015 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или