Маттеус: Егер Левандовски «Жыл үздігі» атанбаса, ендігары ФИФА-ға сенбеймін
Германия құрамасы мен «Баварияның» аңыз ойыншысы Лотар Маттеус «Жылдың үздік ойыншысы» атағына биыл Роберт Левандовский ғана лайық екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
- Левандовский қазіргі уақытта әлемнің ең үздік ойыншысы. Ол тек мықты сұрмерген ғана емес, командаластарының гол соғуына да көп мүмкіндік жасайды.
Биыл ол жеңуге болатын барлық жүлдеге қол жеткізді. Керісінше Месси ештеңе ұтпады, ал Роналду тек Италия чемпионы атанды. Егер биыл Левандовски жылдың үздік ойыншысы атанбаса, онда мен ФИФА-ға енді сенбеймін, - деді Маттеус.
Айта кетейік, ФИФА-ның үздік ойыншысы сыйлығына биыл Криштиану Роналду (Португалия, Ювентус), Лионель Месси (Аргентина, Барселона) және Левандовски үміткер. Жеңімпаз 17 желтоқсанда белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или