Қазақстанның жастары «Айнтрахтқа» жол берді

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы немістің «Айнтрахт» клубымен жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

ҚФФ-ның ақпаратына сүйенсек, есеп германиялық ұжымның пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Құрамамыздың сапында «Ордабасының» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев көзге түсті. Кездесу тағдыры бірінші таймда-ақ шешіліп тасталды.

Естеріңізге сала кетсек, Саулюс Ширмялис шәкірттері бұл жиында 16-25 қаңтар арасында Сан-Петерборда өтетін Достастық кубогына дайындалып жатыр.

«Айнтрахтқа» қарсы матчтағы Қазақстан құрамасының тізімі:

Павлов, Халезов (Әділханов), Рудосельский, Аслан, Сартаков (Шаихов), Сүлей (Антипов), Үзденов (Тулиев), Сариев (Родионов), Тұңғышбаев (Куксин), Джалилов (Хайруллин), Айымбетов (Федин).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или