А сериясы: «Милан» рекорд жаңартты

А сериясы: «Милан» рекорд жаңартты

Италия чемпионатының 12-туры аясында «Милан» сырт алаңда «Дженоамен» 2:2 есебімен тең түсті, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Милан» Италия А сериясындағы статистикалық рекордтардың бірін жаңартты.

«Дженоа» қақпасын екі рет дәл көздеген миландықтар А сериясында қатарынан 14 ойында кем дегенде 2 гол соққан алғашқы команда атанып отыр.

Бұл көрсеткіш бойынша бұған дейін «Торино» үздік болатын. Туриндік команда 1948 жылы 13 ойын қатарынан кем дегенде екі гол соққан екен.

Айта кетейік, «Милан» биылғы маусымда 12 матчта 28 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или