Мессидің әкесі ұлының ПСЖ-ға ауысуын жоққа шығарды

Мессидің әкесі ұлының ПСЖ-ға ауысуын жоққа шығарды

Аргентиналық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси өзінің ұлын ПСЖ-ға ауыстыру туралы келіссөздер жүргізу үшін Катарға ұшқанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тағы бір ойдан шығарылған оқиға. Мен қыркүйектен бері Аргентинадамын. Фейкньюс», - деп жазды Хорхе өзінің Instagram-парақшасында.

Еске сала кетейік, Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады, содан кейін ол басқа клубқа тегін ауыса алады.

33 жастағы Месси осы маусымда «Барселона» сапында барлық турнирде 15 ойын өткізіп, сегіз гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или