IFAB бір матчта бес ойыншы алмастыру ережесіне өзгеріс енгізді

IFAB бір  матчта бес ойыншы алмастыру ережесіне өзгеріс енгізді

Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі (IFAB) жаттықтырушыларға 1 матчта 5 ойыншы  алмастыруға мүмкіндік беретін ережені 2022 жылдың жазына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Барлық ішкі турнирлерде 5 ойыншы алмастыру ережесін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін, сонымен қатар, халықаралық матчтарда 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін қолдануға болады, деп хабарлайды IFAB сайты.

Тағы бір жаңаша өзгеріс, ойыншының ми шайқалуы мүмкін болған жағдайда оны қосымша алмастыруға байланысты болмақ. Бұл ережені сынау 2021 жылдың қаңтарына жоспарланған.

Еске сала кетейік, ойыншыларды алмастыру санының көбеюі коронавирус пандемиясына және командалардағы көптеген жарақат жағдайларына байланысты 2020 жылдан бастап жүзеге асып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или