France Football: Пьерлуиджи Коллина - замананың заңғар төрешісі

France Football: Пьерлуиджи Коллина - замананың заңғар төрешісі

Францияның France Football журналы италиялық төреші Пьерлуиджи Коллинаны әлемнің үздік футбол төрешісі деп атады.

«Төрешілер туралы сөз болғанда, ең алдымен оның тегі еске түседі. 1977 жылғы дебютінен бастап, 2005 жылы қоштасуына дейін Коллина футбол тарихында ойып орын қалдырды», - деп жазады беделді басылым.

Коллина А сериясының 240 матчында және 109 халықаралық матчта төрешілік еткен, оның ішінде Германия мен Бразилия арасындағы 2002 жылғы Әлем кубогының финалы (0:2) да бар.

2011 жылы Коллина Италияның Футбол даңқ залына енген. 2010 жылдан бастап ол Украина Футбол Федерациясында төрешілік бөлімінің кураторы болып жұмыс істеді, ал 2017 жылдың қаңтарынан бастап ФИФА төрешілер бөлімін бір жарым жыл басқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или