«Астана» жанкүйерлері жылдың үздік ойыншысын анықтады
«Астана» футбол клубының жанкүйерлері 2020 жылғы маусымның үздік ойыншысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Үздіктер клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында дауыс беру арқылы анықталды.
Жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Тигран Барсегян маусымның үздік ойыншысы атанды. Армения құрамасының ойыншысы елордалық клуб сапында биылғы маусымда 19 ойынға қатысып, 3 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.
Жанкүйерлердің дауыс беруі бойынша, елордалық клубтың бес үздік ойыншысы:
1. Тигран Барсегян
2. Марин Томасов
3. Ненад Эрич
4. Абзал Бейсебеков
5. Макс Эбонг.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или