Аршавин «Қайратта» ойнап жүргенде тапқан табысын жасырған
Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы Андрей Аршавин «Қайратта» ойнап жүргенде тапқан табысын жасырған. Бұл туралы тележүргізуші Юлия Барановскаяның адвокаты айтты.
«Ол «Қайратта» ойнап жүргенінде табысының жартысын жасырған. Ақшаны қолма-қол алған. Сөйтіп ол балаларға алиментті толық мөлшерде төлемеді», - деді адвокат.
Андрей Аршавин мен Юлия Барановская 2013 жылы ажырасқан. Олардың екі ұлы және қызы бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или