УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финал жеребесінің тікелей трансляциясы

УЕФА Чемпиондар лигасы: 1/8 финал жеребесінің тікелей трансляциясы

14 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде 2020/2021 жылғы Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Плей-оффтың бірінші кезеңіндегі он алты қатысушы екі себетке бөлінген. Еленген командалар қатарына топ жеңімпаздары кіреді: «Бавария» (Мюнхен, Германия, A тобы), «Реал» (Мадрид, Испания, B), «Манчестер Сити» (Англия, C), «Ливерпуль» (Англия, D), «Челси» (Лондон, Англия, E), «Боруссия» (Дортмунд, Германия, F), «Ювентус» (Турин, Италия, G), «Пари Сен-Жермен» (Франция, H).

Ал еленбеген командалар: «Атлетико» (Мадрид, Испания, A), «Боруссия» (Менхенгладбах, Германия, B), «Порту» (Португалия, C), «Аталанта» (Бергамо, Италия, D), «Севилья» (Испания, E), «Лацио» (Рим, Италия, F), «Барселона» (Испания, G), «РБ Лейпциг» (Германия, H).

Жеребе тарту ережесі:
Еленген командалар қарымта матчтарды өз алаңында өткізеді
1/8 финалда бір топтың не бір елдің командалары кездесе алмайды.

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 16:55-те басталады. Оны Qazsport телеарнасы мен УЕФА сайтынан қарауға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или