Мороны сәтті трансфер дейтін бес себеп

Мороны сәтті трансфер дейтін бес себеп

Қазақстандағы ең қымбат ойыншылардың бірі, жақында алматылық «Қайрат» футбол клубына АИК-тен ауысқан Ибрахим Моро футбол жанкүйерлерін қызықтырған тұлға. Сондықтан «PROСПОРТ» тілшісі ганалық жартылай қорғаушының команда мен қазақ футболына тигізер пайдасы мен үлесі жайында ой толғап көрді.

1. ҚПЛ-дағы жоғары деңгейлі ойыншы

Ибрахим Моро үш маусымын АИК-те өткізді. Соңғы екі жылда ол швециялық ұжымның негізгі құрамында ойнаған. Әрине, Швецияның  «Аллсвенскан» лигасын Еуропадағы көшбасшы чемпионаттардың бірі деуге келмес, бірақ, қанша дегенмен, ол жақта командалардың бәсекелестік деңгейі жоғары. Швеция чемпионатының клубтары соңғы жылдары Еуропа лигасының ақтық кезеңдеріне жолдама алып жүр, тек биыл ғана жолдары болмады.

Моро Гана чемпионатында өзін жақсы қырынан танытты, кейін 2012 жылы Еуропаға қадам басты. Бірақ мұнда да жастығына (сол кезде 21 жаста болды) қарамастан, сапалы футбол көрсете білді. Жартылай қорғаушы алғашқы матчын Еуропа лигасының іріктеу кезеңі аясында ЦСКА-ға қарсы өткізді. Сол матчта швециялықтар 0:1 есебімен жеңіліп қалса да, ресейлік клубты жауапты матчта 2:0 есебімен ұтып, турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Халықаралық деңгейдегі ойындарын да тілге тиек ете кетейік: өзін Гана жастар құрамасында жақсы қырынан көрсеткен «Қайраттың» жаңа ойыншысы ұлттық командаға да шақырыла бастады. Ибрахим, тіпті, Африка ұлттары кубогының кеңейтілген тізіміне іліккен еді, өкінішке қарай, Қара құрлықтың айтулы додасына барған жоқ. Дегенмен Авраам Грант секілді білікті бапкердің тәлімін алу – үлкен тәжірибе.

Мороның қазақстандық біріншілікке келуі біздің чемпионатымыз үшін үлкен жаңалық, себебі біздің футболымызға жас әрі тәжірибелі легионерлер ауадай қажет. Мұндайлар біріншілігімізде аз екені өтірік емес. Біз үшін әдетке айналғандай, Қазақстан чемпионатына Еуропадан мансабын аяқтауға жақын жүрген немесе өз ойынын таба алмай адасқан футболшылар келетінін де жасыра алмаймыз. Сөйтіп, олар көрсеткен ойыны үшін емес, бұрынғы атағы үшін ғана көлемді сыйақы алады.

Ганалыққа келер болсақ, бізге өз кәсібінің шебері келе жатыр, чемпионатымыз футболшының жеке дамуына да септігін тигізеді деп сенейік.

aikfotboll.se

2. «Қайраттың» стилінде ойнайтын креативті ойыншы

Біріншілігімізде шабуыл ұйымдастыратын креативті футболшылардың аздығы құпия емес. Ал Моро  - әдемі паспен допты шабуылшының аяғына салып бере алатын ойыншы. Ибрахимның қазақстандық Премьер-лиганың Пирлосы немесе Модричі болуға, тіпті болмағанда, Роман Широкові атануға мүмкіндігі бар. Расымен де, жас футболшы шешімді жылдам қабылдауымен қатар, алыстан тамаша пас асыруымен де көзге түседі.

Сондықтан, Мороның талантын керегінше қолдана алса, биылғы маусымда «Қайраттың» жүлде алуға мүмкіндігі зор болмақ. Әрине, мұнда шешімді Владимир Вайсс қабылдайды.

3. Қазақстандық басқа да клубтар үшін жақсы үлгі

Гана жастар құрамасында өнер көрсететін ойыншының трансфері Қазақстан чемпионатының басқа да клубтары үшін жақсы үлгі бола алады.

ҚПЛ-дың өзге ұжымдары да «Қайраттың» бұл қадамын ойға алып, өздері де жас әрі мықты футболшыларды сатып алуға тырысса құба-құп. Әзірше, «Қайраттан» басқа мұндай трансферлерді «Астана» ғана жасай алады.

Қазақстандық бірнеше клубта ғана Мороның деңгейіндегі ойыншылар пайда болса, ҚПЛ-дың деңгейі көтерілетіні сөзсіз.

blackbeat.se

4. Қазақстан чемпионатының беделі

Ибрахим Мороның трансфері ҚПЛ-дың беделін арттыруы ықтимал. Ганалықтың «Қайратқа» көшуі, оның алматылық ұжым сапында жақсы өнер көрсетуі  Моро секілді жас та жоғары деңгейлі футболшылардың қазақстандық командаға көптеп келуіне себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, африкалық құраманың футболшыларына деген сенім де көбейе түседі. Ал, өз кезегінде, африкалық бұл ойыншы жастығына қарамастан Қазақстанда үлкен қаржыны қанжығасына байлап қана қоймай, сәтті өнерімен де есте қалып, өз деңгейін көтеретін алғашқы ойыншылардың бірі бола алады. Әрине, ең алдымен, еурокубоктың ақтық кезеңіне жолдама алу қажет, ал «Қайрат» бұл мақсатқа аөте жақын.

blackbeat.se

5. Қазақстанда ҚПЛ-ды әйгілеу

Қазақстан футболының атағы өсіп келеді, бірақ өте баяу жылжып келеміз. Себеп көп оған. Егер Моро әдемі де қызықты футбол көрсетіп, «Қайраттың» ойынына жарқындық сыйласа, алматылық команданың жанкүйерлері арта түседі деп ойлаймыз. Мороның халықаралық матчтарда да пайдасы көп болмақ – ол үшін Ибрахимге Гана ұлттық құрамасына жиі шақырылу қажет.

Қазақстандық балалар үшін өз қаласының, елінің футболшыларын пір тұту керемет емес пе?! Тіпті, басында легионерлерге еліктесе де.

Қазақстандық футболдың дамуымүшін Ибрахим Моро үлкен үлесін қосады деп сенейік. Ал оның нәтижесін уақыттың еншісіне қалдырайық...

Авторы: Евгений Петин, «PROСПОРТ Қазақстан».

Тәржімалаған: Есет Төлеш

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или