АПЛ матчы алғаш рет VR-форматта көрсетіледі
Ағылшын Премьер-лигасының матчы тарихта алғаш рет VR технологияларын (виртуалды шынайылық) пайдалана отырып көрсетіледі, деп хабарлайды Prosports.kz Sky Sports-қа сілтеме жасап.
Жанкүйерлер <span>«Тоттенхэм» - «Лестер»</span> матчын аталған форматта көре алады. Трансляция британдық Sky Sports брендінің Sky Worlds платформасында ұсынылады. Компанияның айтуынша, көрермен футбол матчын стадионда көріп отырғандай әсер алады.
Матчты көру үшін Sky қызметіндегі VIP-жазылудың иесі болу және Oculus Quest VR көзілдірігін пайдалану қажет.
Матч 20 желтоқсанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или