Александр Меркель өз командасының жеңіске жетуіне көмектесті
Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Александр Меркель ойнайтын «Аль-Файсали» Сауд Арабиясы чемпионатының 8-турында қонақта «Аль-Раедты» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:0 есебімен Меркель командасының пайдасына аяқталды. Александр Меркель алаңға негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнады.
«Аль-Файсали» команда 8-тур қорытындысы бойынша 13 ұпай жинап, турнир кестесінде бесінші орынға жайғасқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или