Қазақстан чемпионатының қараша айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан чемпионатының қараша айындағы үздік ойыншысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қараша айының қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысын анықтады.

Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Қыркүйек айының үздігі болып қарағандылық «Шахтер» командасының жартылай қорғаушысы Арсен Хубулов атанды. Ол 19 ұпай жинады.

Өткен айда Хубулов 6 ойынға қатысып, 6 гол соқты және 2 ассист жасады.

<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202012/201131_50f83c734619c6fb54b0550dccf6d5ff.webp" /></picture>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или