Байжанов «Қайсарға» оралудан бас тартты

Қарағандылық «Шахтердің» намысын қорғайтын қызылордалық футболдың түлегі Мақсат Байжанов туған қаласының клубы «Қайсарға» көшуден бас тартты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы «Қайсардың» спорт директоры Руслане Балтиев «Твиттер» желісінде мәлім етті.

Естеріңізге сала кетсек, «Шахтер» қаржылық қиындыққа тап болған соң, құрамынан кез келген ойыншының кетіп қалуы таңқалдырмайды. Бұған дейін командадан Сергей Малый, Александр Симчевич, Ұлан Қонысбаев және Тоқтар Жаңғылышбай кетті. Сондай-ақ, «Шахтер» басшылығының шешімімен Никола Покравич пен Ян Масло сатылымға қойылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или