Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матчта ұтты

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матчта ұтты

Түркияда ОЖЖ өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы жергілікті «Ушак Спортиф Генчликспорт» командасына қарсы спаррингілік матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл матчқа жиында жүрген футболшылардың барлығы дерлік қатысты. Кездесу қазақстандықтардың пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Біздің командамыз сапында «Астананың» жартылай қорғаушысы Ринат Хайруллин мен «Ордабасының» ойыншысы Рауан Сариев көзге түсті.

Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саулюс Ширмялис шәкірттері мынандай құраммен өнер көрсетті: Грошев (Неупокоев 46), Әділханов (Халезов 46), Аслан (Шадукаев 46), Рудосельский (Сартаков 46), Шаихов (Рыбалко 46), Үзденов (Тулиев 46), Антипов (Сариев 46), Джалилов (Федин 46), Сүлей (Хайруллин 46), Тұнғышбаев, Родионов (Куксин 46).

Қазіргі оқу-жаттығу жиыны 14 қаңтарға дейін жалғасады, ал Қазақстан осы айдың 12-ші жұлдызында тағы бір жолдастық матч өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или