Буэнос-Айресте «Диего Марадона» көшесі пайда болуы мүмкін
Буэнос-Айрес билігі қала көшелерінің біріне аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Идеяға сәйкес, 1986 жылғы әлем чемпионының есімі «Аргентинос Хуниорс» клубының стадионына апаратын көшеге беріледі.
Еске сала кетелік, бұған дейін италиялық «Наполи» клубы Марадонаның құрметіне «Сан-Паоло» аренасының атауын Марадонаның құрметіне өзгерткен.
Атақты аргентиналық 25 қараша күні 60 жасында созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуінен туындаған жедел өкпе ісінуінен қайтыс болды.
Марадона - «Аргентинос Хуниорс» тәрбиеленушісі, ол 1976 жылдан 1981 жылға дейін «Қызыл қоңыздардың» негізгі командасында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или