«Барселона» ФИФА-мен қарым-қатынасын бұзды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Каталондық клубтың президенті Хосе Мария Бартомеу ФИФА-мен әріптестік қатынасты үзгенін айтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Былтырғы жылдың желтоқсан айында халықаралық ұйымның төралқалық соты «Барселонаға» екі маусым бойы ойыншы сатып алуға тиым салған.</p>
<p style="text-align: justify;">
«ФИФА бізді не үшін айыптағанын түсіндірмеді, сол себепті олармен қарым-қатынасты үзуге мәжбүр болдық. 12 қаңтар күні өтетін «Алтын доп» марапатына барудан бас тартқанымды кеше ФИФА президенті Йозеф Блаттерге хат жүзінде білдіріп жолдадым», - деді Бартомеу.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или