Лионель Мессиге айыппұл салынды
Испания Корольдігі футбол федерациясының жарыстар өткізу комитеті «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Мессиге 600 еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> тілшісі </span>Diario Sport басылымына сілтеме жасап.
<span>«Осасунаға» қарсы матчта гол соққаннан кейін Месси жейдесін шешіп, «Ньюэллс Олд Бойздың» ретро-жейдесін көрсеткен болатын. Бұл «Ньюэллс Олд Бойз» сапында ойнаған Диего Марадонаға көрсеткен құрметі еді. Мессидің өзі де осы клубтың жүйесінде ойнаған.</span>
<span>Судья Мессиге бұл әрекеті үшін сары қағаз көрсетті. Бірақ көптеген адам бұл шешімді жоюды сұрап жатыр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или