Golden Foot жүлдесін биыл Роналду алды

Golden Foot жүлдесін биыл Роналду алды

Golden Foot жүлдесін биыл «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду алды, деп жазады prosports.kz.

35 жастағы португалиялық футболшы аталған жүлде үшін бәсекеде Лионель Месси, Серхио Рамос, Неймар, Роберт Левандовский, Серхио Агуэро қатарлы атақты ойыншыларды жеңді.

Айта кетейік, бұл жүлде 28 жастан асқан футболшыларға беріледі. 17 жылдық тарихы бар марапаттың алғашқы жеңімпазы Роберто Баджо (2003 жыл). Өткен жылы аталған сыйлықты Лука Модрич алды. Ал 2018 жылы Эдинсон Каваниге бұйырған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или