Бауыржан Жолшиев еуропалық клубтардың біріне ауысуы мүмкін

Қазақстан ұлтық құрамасының 24 жастағы шабуылшысы Бауыржан Жолшиев спорттық карьерасын Еуропа чемпионаттарының бірінде жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz.

Футболшының «Астана» клубымен келісімшарты аяқталған. Елорда клубы қазір Дубайда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Бірақ, олардың арасында Жолшиев жоқ. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Бауыржанға Түркия мен Польша клубтары қызығушылық танытып отыр екен. Жақын арада футболшымен аталған қос елдің жоғары дивизиондағы командалары келіссөз жүргізеді деп күтіліп отыр.

Бауыржан Жолшиев Қырғызстанда дүниеге келген. Бала кезінде Алматы қаласына көшіп келіп, «Цесна» футбол мектебінде тәлім алды. Кәсіби карьерасын «Алматы» командасында бастаған. Одан кейін «Атырау», «Тобыл» және «Астана» сапында жалғастырды. Былтырғы жылы Елорда клубында 24 матч өткізіп, 6 гол соқты. Алғаш рет Қазақстан чемпионатында топ жарды.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или