«Ордабасының» аға бапкері: «Корниенкомен бірге клубтың мақсаттарына жетеміз»

Шымкенттік клубтың аға бапкері Қуаныш Қарақұлов «Ордабасының» бапкерлік штабына Олег Корниенконың келуі жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Корниенкомен біз футболшы болып жүргеннен-ақ таныспын. Оның өте мықты ойыншы болғаны есімде. Кейін бапкерлік қызметке ауысып, өз ісінің шебері ретінде көрсете алды. Ол Қазақстан чемпионатын, Премьер-лигасын жақсы біледі. «Шахтермен» жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Бірнеше рет ел чемпионаты мен кубогын жеңіп алды. Мұндай маман біздің командамызға көп пайдасын әкеледі деп ойлаймын. Біз бірге клубтың алдындағы мақсатты орындаймыз», - деді Қарақұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или