«Тобылға» 880 млн теңге қаржы бөлінді

Қостанайлық командаға жаңа маусым алдында 880 млн теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы брифинг барысында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлімдеді.

«Қостанайлық клубтың бюджеті 880 миллион теңгені құрайды. Кәсіпқой спортқа көп қаржы кетеді. Сондықтан жергілікті ойыншыларымызды тәрбиелеуіміз керек. Қала тұрғындарынан «Тобылдың» қаншалықты керек екенін сұрасақ, 90% «керек» деп жауап береді. Бұған қоса, қаламызда соңғы жылдары бірнеше спорт кешендері мен стадиондар салынды», - деді әкім.

Сондай-ақ, «Тобылға» демеушілерден 400 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или