«Атырау» екінші оқу-жаттығу жиынын бастады

«Атырау» футбол клубы Түркияның Анталья қаласында екінші оқу-жаттығу жиынын өткізуде, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Атыраулық» клубтың баспасөз-қызметінің мәліметіне сүйенсек, ОЖЖ-ны қаңтардың 6-22-і аралығына жоспарланған.

Команда ішінде бірнеше өзгерістер болды. Осылайша, бас бапкердің көмекшісі болып Юрий Коньков тағайындалса, қақпашылардың жаттықтырушысы қызметін Александр Горошинский орындайды.

Атыраулық клуб сапында жиынға 17-жасар жас қақпашы Байбек Түсіпов аттанды.

Сондай-ақ, Алексей Родионов Қазақстан құрамасы сапында «Достастық кубогына» қатысуына байланысты ОЖЖ-на қатыспайды, ал Дмитрий Пархачев жарақатына байланысты үйінде қалды.

«Атыраудың» ОЖЖ-на құрамасы:

Қақпашы - Байбек Түсіпов (ФО, 1997 ж).

Қорғаушылар – Майкл Одибе (Нигерия, 1988), Валентин Чуреев (1986), Жасылық Халелов (қосалқы құрамасы, 1995), Қуаныш Қалмұратов («Астана-1964», 1996), Дәурен Мәжітов (қосалқы құрамасы, 1996)

Жартылай қорғаушылар - Стефан Эссаме (Камерун, 1984), Айбар Нұрыбеков (1992), Алтынбек Сапаров («Бәйтерек», 1995), Алексей Маров (қосалқы құрамасы, 1995).

Шабуылшылар – Бауыржан Қасымов (қосалқы құрамасы, 1996), Қасымхан Нақпаев (қосалқы құрамасы, 1994).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или