Бактиер Зайнутдинов үздік гол авторы атанды
Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА клубының қазан айындағы үздік гол авторы атанды.
Аталмыш клубтың Twitter-дегі парақшасында мәлім етілгеніндей, Бактиер Зайнутдиновты жанкүйерлер Ресей премьер-лигасында «Урал» (Екатеринбург) командасымен өткен матчта соққан голы үшін үздік деп таныды.
Қазіргі таңда ЦСКА командасы Ресей чемпионатында 32 ұпаймен көш бастап келеді. Жексенбі күні 15-турда Мәскеуде ЦСКА «Сочи» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұған дейін жарақат алып қалған Бактиер Зайнутдинов осы кездесуді толық өткізіп шықты. Бұл оның мәскеулік клуб құрамындағы 11-інші матчы еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или