Ғалымжан Өсербаев: Басты мақсатым - Азия және әлем чемпионатына қатысу

Ғалымжан Өсербаев: Басты мақсатым - Азия және әлем чемпионатына қатысу

Еркін күрестен 79 келі салмақта еліміздің бес дүркін чемпионы атанған Ғалымжан Өсербаев Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, біріншілік туралы ойымен бөлісті. 

<span> «Расында, балуандарға Қазақстан чемпионатында белдесу қиынырақ. Себебі, барлығы да бір-бірін жақсы біледі, әдіс-тәсілдерінен хабардар. Сондықтан, спортшылар өте жоғары дайындықпен келеді. Осымен бесінші рет чемпион атанудың сәті түсті.</span>

<span> Кілемде қарсылас болғанымен, өмірдегі досым Болат Сақаевты, ақтөбелік Айдар Балданбаевтарды ерекше атап өткім келеді. Барлығының да деңгейі биік. </span>

<span>Ал өзіме келер болсам, алдағы мақсатым – Азия және әлем чемпионаттарына қатысып, жүлде алу. Менің салмағым Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Әзірге, осы мақсаттармен шектеле тұрамын», - дейді Ғалымжан. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или