Әсет Серікбаев: Ел чемпионатында нағыз мықтылар топ жарады

Әсет Серікбаев: Ел чемпионатында нағыз мықтылар топ жарады

19 қараша күні Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталады. Бірнеше айдан бері жарысқа қатыспаған отандық балуандар үшін бұл доданың орны бөлек. Осы орайда, еркін күрестен команда бас бапкері Әсет Серікбаев Olympic.kz сайтына шағын пікір білдірді.

«Қазақстан чемпионатын бәріміз де асыға күтіп жүрміз. Өйткені, індет басталғалы бері балуандар бозкілемге шыққан жоқ. Оқу-жаттығу жиындарын өткізсек те, кілемдегі айқасқа ештеңе жетпейтіні анық.

Қандай да бір жарақаттан, ауру-сырқаудан аман болса, ұлттық құрамадағы бірінші нөмірлі балуандардың барлығы қатысады деген ойдамыз. Бұл біріншілікте көзге түскен жас балуандарды да назарда ұстаймыз.

Осы орайда, Қазақстан чемпионатын ұйымдастыруға рұқсат еткен басшылыққа айтар алғысымыз зор. Өйткені, Олимпиада қарсаңында жарыссыз отыру оңай емес.

Чемпионатта нағыз мықтылар көзге түседі деп сенемін», - дейді бас бапкер. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или