Қазақстан құрамасы Албаниядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Албаниядан жеңілді

УЕФА Ұлттар лигасының 5-турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Албаниямен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Тиранада өткен ойын 3:1 есебімен аяқталды. 

Бірінші тайм тартысқа толы өтті. Алаң иелері 23-минутта 2:0 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл тайм албаниялықтардың қос голымен емес, Айбол Әбікен соққан бір голмен есте қалды. 

Орталық алаңнан допты ойынға қосқан сәтте Айбол Албания қақпасын дәл көздеп, есепті 2:1-ге өзгертті.

Екінші таймда алаң иелері ойын бойынша да, есеп те де басымдылық танытты. Марочкиннің айып алаңының ішінідегі қателігінен кейін пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Әрі есепті 3:1-ге жеткізді. Осыдан кейін жылым есеп айырмасын қысқартатын мүмкіндік Ғафуржан Сүйімбаевта болған. Бірақ каптиан бос қақпаны дұрыс көздей алған жоқ.

Осы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы бес ойыннан 4 ұпай жинап, топта соңғы орында қала берді. Ал Албания құрамасының еншісінде 8 ұпай бар. Біздің құрама енді үш күннен кейін Алматыда Литвамен кездеседі.  

Ұлттар лигасы. С 4 тобы. 5-тур

Албания - Қазақстан - 3:1 (2:1)

Гол соққандар: 16' Чикаллеши, 23' Исмайли, 61' Манаж (пенальти) - 24' Әбікен,

Албания: Бериша, Весели, Исмайли, Джимшити, Хусай, Абраши, Калаку, Мемушай, Чикалеши, Вауни, Манай;

Қазақстан: Покатилов, Әліп, Керімжанов, Марочкин, Вороговский, Сүйімбаев, Әбікен, Қуат, Бейсебеков, Щеткин, Айымбетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или