Стивен Джерард: «Роджерс «Ливерпульдің» тізгінін он жыл бұрын ұстағанда, чемпион болар едік»

«Ливерпульдің» ойыншысы Стивен Джерард Брендан Роджерспен жас кезінде кездеспегеніне өкінеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бренданды 24 жаста болғанымда кездестіргім келеді. Бүгін сол кездерде ұтып алған көптеген жүлделер туралы айтып отыратын едік деп ойлаймын. Бірақ Брендан «Ливерпульге» мен 32 жасқа толғанымда келді. Енді бұл оқиғаның он жыл бұрын орын алмағанына өкіну ғана қалды», - деді Джерард клубтың ресми сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Стивен Джерард «қызылдардың» сапында 1998 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или