«Барселона» ХХІ ғасырдың үздік клубы атанды

«Барселона» ХХІ ғасырдың үздік клубы атанды

Испан футболының тарихы мен статистикасын зерттеу орталығы елдің жаңа ғасырдың алғашқы 20 жылындағы ең үздік командаларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орын 3465 ұпайы бар «Барселонаға» бұйырды. «Блауграна» Мадридтің «Реалынан» (3347) және «Атлетикодан» (2149) алда тұр.

Одан кейфінгі орындарға «Валенсия» (2139), «Севилья» (1992), «Вильярреал» (1648), «Атлетик» (1405), «Депортиво» (1395), «Сельта» (1164) және «Эспаньол» (1144) командалары жайғасты.

Зерттеу барысында испан клубтарының ішкі турнирлердегі және еуропалық жарыстардағы жетістіктері ескерілді. Талдау кезеңі 2000/01 маусымынан 2019/20 маусымына дейін. Негізгі көрсеткіш - жеңіске жеткен матчтардың саны.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или