Зайнутдинов ЦСКА-ның қазан айындағы үздіктері қатарынан көрінді
Мәскеудің ЦСКА-сы дауыс беру жүйесі арқылы, клубтың қазан айындағы үздік ойыншысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Константин Марадишвили дауыстың 19%-н жинап, топ бастады. Ал Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов бір пайызға кем ұпай жинап екінші орынға жайғасты. Виктор Васин үшінші, одан кейінгі орындарда Игорь Акинфеев пен Никола Влашич тұр.
Өткен айдағы сауалнамада Зайнутдинов жеңіске жеткен еді. Айта кетелік, Бактиер РПЛ-де басынан соққы алып, армияшылардың лазаретінде жатыр, сол себепті ол Ұлттар лигасы аясында Албания және Литвамен болатын ойындарға қатыса алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или