Вагнер Лав «Қайратта» қанша жалақы алады?
«Инсайды от Карпа» телеграм-каналы бразилиялық футболшы Вагнер Лавтың «Қайратта» алатын жалақы мөлшерін атады.
Дереккөздің мәліметінше, Вагнер Лав Қазақстанда өткізген бір жылы үшін 1,2 миллион еуро көлемінде жалақы алады. Оған қоса, келісімшартта 700 мың еуро көлемінде сыйақы қарастырылған.
36 жастағы футболшы <span>алматылық клубқа 8 шілдеде ауысып келген болатын. Содан бері ол Премьер-лигада 13 матчқа қатсып, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Маусым соңында «Қайрат» Вагнер Лавпен келісімшартын тағы бір жылға созды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или